БҚО-да қойма отқа оранды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов ауданы Мичурин ауылында қомақты қойма отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

БҚО-да қойма отқа оранды

Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қойманың 190 шаршы метр аумағы өртеніп жатқаны жөнінде хабар 19 қазан күні сағат 14.50-де түскен.

Өрттің салдарынан қойма жартылай опырылған. Қойманың жалпы алаңы - 270 шаршы метр.

«Тілсіз жау» 18.57-де оқшауланып, 19.08-де ауыздықталды.

Оқиға орнында жеке құрамнан 11 адам 2 техникамен жұмыс жасады.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.

Осыған дейін Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрттен ер адамның көз жұмғандығын хабарлағанбыз.