БҚО-да көзінен жарақат алған оқушыға ота жасалды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында көзінен жарақат алған оқушыға ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, Жаңақала ауылында 2008 жылғы ер бала 6 мамыр күні таңмен сол көзінен жарақат алған.
Оқушы сағат 08.40-та аудандық ауруханада көз дәрігерінің қабылдауында болып, алғашқы көмек көрсетілді.
«Бала медицина қызметкерімен бірге облыстық аурухананың офтальмология бөлімшесіне жеткізілді. Көзіне ота жасалды. Жағдайы қанағаттанарлық», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.
Еске сала кетейік, БҚО-да сабақ кезінде оқушы көзінен жарақат алған болатын.