БҚО-да күннің қатты ыситыны жөнінде ескерту жарияланды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында алдағы күндері күннің қатты ыситыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 27-28 шілдеде күн 34-37 градусқа дейн ысиды.
Осыған байланысты облыстық ТЖ департаменті тарапынан тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, сондай-ақ өмірлік маңызы зор ның нысандардың қалыпты қызметін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар алынуда.
Айта кетейік, облыста бүгін де күн ысып тұр.