БҚО-да құрылыс алаңында кран құлап, ер адам мерт болды

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында қайғылы оқиға болды.

строительство
Фото: pexels

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 7 қараша күні көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңында кран құлап кетті. 

Оқиға салдарынан краншы сол жерде жан тапсырды.

— Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Басқа ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, — деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға Придорожная көшесі 87-үйдің құрылыс алаңында болды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда мотоцикл аударылып, ер адам көз жұмғанын жазған болатынбыз.