БҚО-да күшті жел тұрып, бұрқасын соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 4-5 ақпан күндері күшті жел тұрып, бұрқасын соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетуі мүмкін. Боранға қоса көктайғақ болуы ықтимал.
Бұл туралы БҚО ТЖ департаменті хабарлап, ескерту жариялады. Қазіргі кезде тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында шаралар қолға алынуда.