БҚО-да құжаттары суға кеткен азаматтардан өтініш қабылдап жатыр

Бағдат Мусин жеке құжаттардың ірі платформаларда ашылуы мүмкіндігіне қатысты түсінік берді
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» БҚО бойынша директоры, облыстық қоғамдық штабтың мүшесі Нәдір Құрымбаев өңірдегі су тасқынының қазіргі жағдайы туралы мәлім етті.

«Қазір БҚО-да 27 эвакуациялау пункті бар. Кеше жедел топ мүшелері, ақсақалдар, қоғам белсенділері уақытша орналасу пунктеріндегі тұрғындардың жағдайын білді. Ол жерлерде тұрмыстық жағдай жасалған. Оқу процесіне онлайн жүріп жатыр және сабақтан тыс іс-шаралар да өтуде. Тұрғындар тарапынан шағымдар жоқ, дәрігерлер мен тәртіп сақшылары тәулік бойы жұмыс істеп жатыр», - деді Нәдір Құрымбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, тұрғындарды жылжымайтын мүліктердің жайы алаңдатады. 

«Қалалық әкімдікпен бірлесіп «Азаматтарға арналған үкіметтің» қызметкерлері эвакуациялау пунктерінде тұрғындарға кеңес беріп жатыр. Құжаттары суда қалған немесе жоғалған азаматтардан өтініш қабылдап, ХҚО арқылы жүзеге асуда. Сонымен қатар біз «Батыс Today» Telegram ботын құрдық, ол жерде халықты ақпараттандырып отырмыз», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар