БҚО-да мәдениет саласының үздіктері марапатталды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында өңірдегі мәдениет саласында жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, үздіктер марапатталды.
None
None

Шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, 2015 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ел Конституциясының 20 жылдығы сынды аса маңызды оқиғаларды жоғары дәрежеде атап өтумен ерекшеленді. Осы мерейлі шараларды өз деңгейінде өткізуге мәдениет саласының қызметкерлері белсене атсалысты. Ақ Жайықтан талай таланттардың түлеп ұшқаны белгілі. Өнер тарландары мен мәдениет майталмандары бүгінгі таңда да елге талмай қызмет етуде. Болашақта да солай болары сөзсіз. Бұған барлық жағдай жасалуда. Елбасы тапсырмасына сәйкес әлеуметтік сала, соның ішінде мәдениет нысандары салынуда. Соның ішінде, әсіресе, ұлы ақынымыз, Қазақстан халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлінің қос бірдей ескерткішіне қоса Оралда мәдениет және өнер орталығының ашылуы тек батысқазақстандықтар ғана емес, бүкіл Алаш жұртының абыройын асқақтатып, мәртебесін көтерді.

Салтанатты жиын барысында бір топ мәдениет қызметкері түрлі марапаттарға ие болды. Мысалы, белгілі эстрада әншісі Марат Сарбөпеевке ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаевтың атынан өнер мен мәдениетті дамытуға сіңірген еңбегі үшін арнайы медаль табыс етілсе, көп жылдар бойы дәстүрлі ән мен терме өнерін насихаттап келе жатқан Зияш Аманғалиева ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленді.

Соңғы жаңалықтар