БҚО-да мал ұрлаумен айналысқандар ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 16 ақпаны күні сағат 6:00 шамасында Серебряков ауылы маңында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде БҚО-да бірқатар ауыр қылмыстар жасаған 1990 және 1987 жылы туған екі азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО-да мал ұрлаумен айналысқандар ұсталды

Олардың автокөліктерінің салонын тексеру кезінде 16 ақпанға қараған түні күдіктілер Ақжайық ауданының Ілбішін ауылынан ұрлап әкеткен бір ірі қара малдың еті, балта, арқан және 3 пышақ табылды.

«Олардың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеру кезінде Ақжайық, Бәйтерек және Теректі аудандарының аумағында 2022-2023 жылдары бұрын жасалған тағы 5 мал ұрлығы фактілеріне қатыстылығы анықталды», - деп жазды ІІМ-нен.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-1 бабы 3 бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.