БҚО-да мас күйінде полиция қызметкеріне күш көрсетіп, тіл тигізгендер тергелуде
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында мас күйінде полиция қызметкеріне күш көрсетіп, тіл тигізгендер тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Қазталов ауданы Нұрсай ауылында орын алды.
Еш жерде жұмыс жасамайтын 31 жастағы тұрғын Жәнібек- Қазталов жолы бойында медициналық куәландыруға жеткізу кезінде қызметтік міндетін атқарып жүрген учаскелік
полиция инспекторының көмекшісі, полиция капитанына күш қолданған.
Сот-медициналық сараптамаға сәйкес ол орта дәрежелі мас күйінде болған.
Қазіргі кезде осы оқиға бойынша ҚР ҚК 380-бабы 1-бөліміне (билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа
дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сондай-ақ Бәйтерек ауданы Белес ауылында тұратын, жұмыс жасамайтын 31 жастағы азамат БҚО уақытша емдеу изоляторы ғимараты маңында мас күйінде патрульдік
полиция батальонының инспекторы, полиция капитанын балағаттап, тіл тигізген.
Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 378-бабы 1-бөліміне (билік өкiлiн қорлау) сәйкес тергеу жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орадда полицияға пара бермек болған шетелдік азаматтың ұсталғанын жазған едік.