БҚО-да мектепті уақытында жөндемеген мердігерден 10 млн теңгеден астам қаражат өндірілді

ОРАЛ. KAZINFORM –  Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуратурасы мектепті жөндеу мерзімінің бұзылғанын анықтады.

 БҚО-да мектепті уақытында жөндемеген мердігерден 10 млн теңгеден астам қаражат өндірілді
Фото: freepik.com

Облыстық прокуратураның мәліметінше, мердігер тарапынан міндеттемелерді орындамауына байланысты прокуратураның ұсынуы бойынша білім беру бөлімі сотқа өндіріп алу туралы талап-арызбен жүгінді.

Сот талап-арызды қанағаттандырып, мердігерден мемлекет пайдасына 8 млн теңгеден астам және 1 млн 700 мың теңге сомасында тұрақсыздық айыбы өндірілді. Осы және басқа да бұзушылықтар білім беру ұйымдарындағы тексеру нәтижелері бойынша жойылды.

Бұдан бөлек прокуратураның қадағалау актісі бойынша 2 мыңнан астам маман міндетті медициналық тексеруден өтті.

Сондай-ақ қауіпсіздік мәселелерімен байланысты бірқатар мәселе шешілді: балабақшалардағы бейнебақылау камералары мен ойын алаңдары жөнделді, ғимаратты жылытуға арналған жабдықтар сатып алынды, 4 балабақшаның пандустары жөнделді және 5 мектепте пандустарды жөндеуге қаражат бөлу мәселесі шешіліп жатыр.

Кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселе қаралып жатыр.

БҚО өзендеріндегі су қоймалары қысқы кезеңге көшірілгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар