БҚО-да мектептерге Бауыржан Момышұлы мен Қадыр Мырза Әлінің есімі берілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысындағы жалпы орта білім беру және спорт мектептері мен мәдениет үйіне қазақтың танымал тұлғаларының есімі берілмек. Үкіметтің тиісті қаулысы «Ашық» НҚА сайтында талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Сырым аудандық «Балалар музыка мектебіне» Амангелді Ғұбайдуллиннің, Орал қаласындағы №46 орта мектебіне Бауыржан Момышұлының, №47 мектебіне Қадыр Мырза Әлінің, Сырым ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне Асқар Шайхиевтің, Қаратөбе аудандық мәдениет үйіне Ғарифолла Құрманғалиевтің, Қаратөбе аудандық мектеп-гимназиясына Қажым Жұмалиевтің есімі берілсін», - делінген қаулыда .

Айта кетейік, апта басында елорда көшелеріне Шерхан Мұртаза, Құман Тастанбеков пен Ақселеу Сейдімбектің есімі берілетіні туралы хабарлаған едік .


Соңғы жаңалықтар