БҚО-да мемқызметшілердің біркүндік жалақысы шығысқазақстандықтарға аударылады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО әкімдігі және өңірдегі басқа мемлекеттік мекемелер Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге қаржы аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олар біркүндік жалақыларын зардап шеккендер қорына аударады.
Шығыс Қазақстан облысында Аягөз, Глубокое аудандарының кейбір елді мекендерін су басып, Ертіс өзенінің деңгейі көтерілуіне байланысты Семей қаласына да қауіп төнді.
Мұндай жағдайды батысқазақстандықтар 2011 жылы бастан кешірген болатын. Биыл да су тасқыны қаупі жоқ емес. Сондықтан барлық қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіріліп, тиісті шаралар қолға алынған.