БҚО-да мердігер топырақты заңсыз қазып алып, 2,9 млн теңге залал келтірген

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында Қаратөбе ауданы прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша жол жөндеуге топырақтың заңсыз алынғанын анықтады.

топырақ
Фото: Шымкент ПД

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қалдығайты және Қарақамыс ауылдарының ішкі жолдарын күрделі жөндеу барысында мердігер елді мекен маңынан 8 200 тонна топырақты уәкілетті органның рұқсатынсыз заңсыз қазып алған.

«Келтірілген шығын көлемі 2 млн 900 мың теңгеден асты. Прокуратураның қадағалау актілері бойынша жосықсыз мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, келтірілген залал толық көлемде өндірілді», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 1,3 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алудың күші жойылғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар