18:49, 19 Мамыр 2019 | GMT +5
БҚО-да минус 3 градусқа төмендеп, үсік жүреді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша өңірде үсік жүруі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кей жерлерде 20 мамыр күні түнде топырақтың үсті 3 градусқа дейін салқындайды.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.
Қазіргі кезде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынуда.