БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 25 тамыз күні өңірдің кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ соғуы, оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады. Қазіргі кезде тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу, өмірлік маңызы зор нысандардың, электр және байланыс жүйелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету бағытында шаралар алынуда.

Айта кетейік, соңғы күндері облыста күн қатты ысып тұр.