БҚО-да найзағай ойнап, жел күшейеді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 3 маусым күні найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да найзағай ойнап, жел күшейеді

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша кей жерлерде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.

Орал қаласында да күндіз найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 18 метрге жетпек.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.

Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда.

Оған қоса облыста бірнеше күннен бері аптап ыстық буып тұр. Соған орай өрт қаупі де күшейді.