БҚО-да «Охотзоопром» басшысы қоластындағы қызметкерден пара алған

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаменті «Охотзоопром» РМҚК Батыс өңірлік бөлімшесі басшысы міндетін атқарушының пара алу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО-да «Охотзоопром» басшысы қоластындағы қызметкерден пара алған

Ол қызметтік көлікпен жол-көлк оқиғасын жасаған қоластындағы қызметкерді жұмыстан босатпау үшін пара алды деген күдікке ілікті.

Күдікті өз кінәсін толықтай мойындауына байланысты процессуалдық қамауға алынбады.

Тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы үкімді сот шығарады.