БҚО-да Өнеге-Бисен-Сайқын жолы келесі жылы салынып бітеді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Өнеге-Бисен-Сайқын жолы 2023 жылы салынып бітпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі таңда жолдың үштен бірі дайын, 35 шақырымға асфальт төселді.

Таяуда жол белгілері орнатылатын болады.

Аталған жол құрылысы кешеуілдеп, биыл қайта қолға алынған болатын. Жол құрылысын отандық мердігер ұйымдар жүргізуде.

«Күрделі жөндеу нысанында құрылыс-монтаж жұмыстары үшін барлық қажетті күш-құралдар қарастырылған. 140-тан астам арнайы техника мен 200-ден астам жолшылар жұмыс жасап жатыр. Жұмыстар кестеге сәйкес тәулік бойы жүргізілуде. Мердігер ұйымдар екі асфальт-бетон зауытының мүмкіндігін пайдалануда. Бірқатар құрылыс материалдары көршілес Ақтөбе және Маңғыстау облыстарынан жеткізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Аталған республикалық жолдың жалпы ұзындығы – 103 шақырым, ол екі бөліктен тұрады. Жолды 2023 жылдың соңына дейін салып бітіру жоспарланып отыр.


Фото: ru.qaj.kz




Соңғы жаңалықтар