09:08, 01 Шілде 2013 | GMT +5
БҚО-да өрт орнында ер адамның денесі табылды
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - 30 маусым күні сағат 23.45-те Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында тұрғын үй отқа оранды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Тілсіз жау сағат 03.53-те ауыздықталды. Оған ҚР ТЖМ БҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің 13 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Жалын 54 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнынан 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды.