БҚО-да өзен кемелерімен де жолаушылар тасымалдана бастады
ОРАЛ. 21 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да өзен кемелерімен де жолаушылар тасымалдана бастады.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, атап айтқанда, саяжайларға дейін 340 адам жеткізілді.
Биылғы төрт айда автомобиль көлігімен 101,4 млн. жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылғыдан 34,5 пайызға көп. Жолаушы айналымы 36,7 пайызға өсіп, 1787,1 млн. жолаушы/шақырымды құрады.
Өңірде жүк тасымалдау да 13,8 пайызға артып, 9,1 млн. тоннаны құрады. Облыс бойынша жүк айналымы көлемі 24,5 пайызға көбеййіп, 466,1 млн. тонна/шақырымға жетті.