БҚО-да салынып жатқан үйдің қабырғасы құлады: аудан әкімі мен басқарма басшысына ескерту жарияланды

Ураган, Кыргызстан, Бишкек, шторм, буря
Фото: Қырғыз Республикасының ТЖМ

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округіне қарасты Қоржын ауылында 6 маусым күні жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен қатты желдің салдарынан құрылыс жұмыстарына нұқсан келтірілді.

БҚО әкімдігінен мәлім еткеніндей, қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Су тасқынынан зардап шеккен Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында 90 отбасыға арналған жеке тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлері құрылыс сапасын бақылау үшін тұрғын үйлерді күнделікті бақылауды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек құрылыс жұмыстарын арнайы орнатылған бейнекамералар арқылы облыс әкімдігі де қадағалап отыр. Қаратөбе ауданының әкіміне және Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысына аталған олқылық бойынша ескерту жарияланды», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да салынып жатқан үйдің қабырғасы құлап қалуына байланысты әкімдік жауап бергенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram