БҚО-да саяжай мен монша өртенді

АСТАНА. KAZINFORM - БҚО өрт сөндірушілері саяжай қоғамында орын алған екі өртті қатар сөндірді.

өрт
Фото: ТЖМ

«Орал қаласы Телецентр ауданындағы саяжай қоғамдарының бірінде тұрғын үй мен моншадан өрт шықты. 

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 102 шаршы метр алаңда жедел түрде сөндірілді», — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында мақта өңдеу зауытынан өрт шыққанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар