БҚО-да шабуылға ұшыраған дүкенші жансақтау бөлімінде жатыр
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында сатушы әйелге шабуыл жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Оқиға 26 қаңтар күні Зеленов ауданы Көшім ауылдық округінің орталығы Үлкен Шаған ауылында сағат 16.00 мен 16.30 аралығында жеке дүкенде болған. Бұл жөнінде ауыл тұрғындары хабарлады.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты ресми ақпаратты кейін беретінін жеткізді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Саламат Ералиннің айтуынша, жұтқыншағы мен көмекейінен жарақат алған әйелге сол күні түскен бойда ота жасалған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатқанымен, есі кірген, сөйлеп, жауап бере алады. Жағдайы дәрігерлердің толық бақылауында.