БҚО-да шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9 шетел азаматы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9 шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

БҚО-да шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9 шетел азаматы ұсталды
Фото: t.me/knbgov_kz

«2023 жылғы 11 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған 9 шетелдікті ұстады.
Алдын ала мәлімет бойынша олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.
17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандарды жауапқа тартты» делінген хабарламада.
Ведомство мәліметіне сай, 2023 жылдың басынан бері БҚО аумағында Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталған.