БҚО-да соғыс ардагерінің медалін жымқырып кеткен ұры ұсталды
Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жедел іздестіру шаралары барысында бұрын бірнеше рет істі болған 1978 жылғы азамат өзінің кінәсін мойындады. Ұрланған заттар иесіне қайтарылды.
Осындай жағдай Орал қаласында да тіркелді. Ұрлықты кәсіп қылған 1994 жылғы Е. есімді азамат әуелі «Вагонник» саяжай қоғамындағы гараждардың біріне еніп, одан «Кедр» маркалы дәнекерлеу аппаратын, «Интерскол» электр арасын және бұрғыны үптеп кеткен. «Дәніккен қарсақ құлағымен ін қазады», деген, екі күннен кейін ол «Энергетик» саяжайындағы үйлердің бірінің терезесін сындырып кіріп, «НР» ноутбугін, алтын және күміс бұйымдарын, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагеріне берілген «Ерлігі үшін», «Еңбек ардагері», Жуков, «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарын жымқырып кеткен. Бұл үйдің иелері - жас адамдар, шамасы, бұл медальдар олардың туысқанына тиесілі болса керек.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілердің басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.