БҚО-да соңғы күндері бірнеше адам суға кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында соңғы күндері бірнеше адам суға кетті.
None
None

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Амангелдіұлының айтуынша, 17 маусым күні Ақжайық ауданы Алмалы ауылында сағат 10.53-те  1986 жылғы Қанат есімді тұрғынның Жайық өзеніне батып кеткені жөнінде хабар түсті. Оның денесі әлі табылған жоқ. Сол күні сағат 15.40-та Орал қаласындағы «Шале» кафесінің аумағында 1978 жылғы Сағынғали есімді азамат Жайықтан шықпай қалды. Марқұмның денесі сағат 18.00-де судан шығарылды.

18 маусым күні Зеленов ауданы Кирсанов ауылында сағат 22.00-де 1977 жылғы Александр есімді Орал қаласының тұрғыны Жайыққа батып кетті. Сол маңға балық аулауға барып, «тілсіз жаудың» құрбаны болған оның денесі 20 маусым күні таңертең шығарылды.

19 маусым күні сағат 17.51-де тағы да «Шале» кафесі маңында 1971 жылғы Исмағұл есімді азаматтың суға кеткені жөнінде хабар түсті. Оның денесі әлі табылған жоқ.

Оған қоса осы кезеңде төрт адам судан құтқарылды. Атап айтқанда, 17 маусым күні сағат 15.58-де қалалық мәдениет және демалыс саябағы маңында эпилепсиямен ауыратын 2000 жылғы Марина мен 1997 жылғы Сырым құтқарушылардың арқасында аман қалды. Сол секілді 18 маусым күні сағат 17.10-да 1992 жылғы А.Кузнецова мен 1981 жылғы А.Шульман құтқарылып, оларға алғашқы жәрдем көрсетілді.

Айта кетейік, биыл осымен 8 адам суға кетсе, соның біреуі бала болып отыр. Бұл мәліметке әлі табылмаған екі адам қосылған жоқ. 

Соңғы жаңалықтар