БҚО-да соңғы төрт күнде 500-ге жуық адам коронавирус жұқтырған

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 490 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 364-інде ауру белгілері болса, 126-сы - симптомы жоқтар.

Науқастардың 304-і ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген, 80-і бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған, 102-сі профилактикалық мақсатта қаралған. Төртеуінен эпидемиологиялық бақылау мақсатымен сынама алынған.

Сырқаттанғандардың 198-і Орал қаласында, 79-ы Бәйтерек, 78-і Бөрлі ауданында тіркелген.

Індет басталғаннан бері облыста барлығы 32683 адамнан коронавирус табылса, соның 24952-сі жазылып шықты. 600 адам көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да «Ашық» жобасына қатысатын нысандардың демалыс күндері де жұмыс істейтінін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар