БҚО-да сот тұрғынның 1,2 млн теңге жалақы қарызын өндіріп берді

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында сот тұрғынның 1,2 млн астам теңге жалақы қарызын өндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да сот тұрғынның 1,2 млн теңге жалақы қарызын өндіріп берді

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Зеленов аудандық сотына әйел адам 1 201 833 теңге еңбекақы қарызын өндіру талабымен жүгінген.

Сот отырысында тұрғын «G» ЖШС-ында 2012 жылдан 2017 жылға дейін есепші болып жұмыс жасағанын жеткізді. Алайда 2016 жылы серіктестік оған жалақысын төлемеген. Соған қарамастан, есепші 2017 жылға дейін жұмысын жалғастыра берді.

Сотқа куәгер ретінде шақырылған «G» ЖШС құрылтайшыларының бірі А. деген азамат талапкердің уәжімен толық келісті.

Сот іс құжаттарын зерттей келе, талап-арызды толық көлемде қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.