БҚО-да сотталғандар зейнеткерлерге көмектесіп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қылмысы жасағаны үшін бақылауға алынған азаматтар зейнеткерлерге көмектесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қылмыстық атқару жүйесінің БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қыс түсіп, қар қалың жауатын кезде әсіресе қарт адамдар көп қиындыққа тап болады. Өйткені оларға есік алдындағы қарды күреудің өзі қиындық тудырады. Осыған қарай пробация қызметінің өкілдері зейнеткерлерге көмектесу қажет деп шешкен. Атап айтқанда Батыс Қазақстан облысына қарасты «Бәйтерек» ауданының №1 пробация қызметінің өкілдері сотталған азаматтарға жалғызбасты зейнеткерлерге қыс мезгілінде көмектесу жөнінде ұсыныс жасаған.

«Сотталғандар біздің ұсынысымызды ерекше құлшыныспен қабылдап, пробация қызметінің өкілдерімен бірге қарт адамдардың аулаларындағы қарды күреу жұмысына атсалысты»,-деді БҚО «Бәйтерек» ауданының №1 аудандық пробация қызметінің бастығы Азамат Байболатов.


Соңғы жаңалықтар