БҚО-да студенттер курстастарынан ақша бопсалаған: іс сотқа жолданды
АСТАНА. KAZINFORM — БҚО прокуратурасының қолдауымен 2023 жылы білім беру ұйымдарында «Komek Stop Bulling» платформасы енгізілді, ол қазіргі уақытта республиканың 10 облысында сәтті жұмыс істейді.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше бұл платформа балаларға (сонымен қатар олардың ата-аналарына) өздеріне қарсы барлық заңсыз әрекет туралы еркін хабарлауға мүмкіндік берді.
— 2024 жылы жүйеге белгісіз біреулер аймақтағы колледж студенттерінен қорқытып алу арқылы ақша бопсалағаны туралы анонимді хабарлама келіп түскен. Ақша бопсалауға қатысы бар бір топ жастар анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа жолданды, — делінген хабарламада.
2024 жылы қосымша жаңа батырмамен (#бізбірге) толықтырылған, ол арқылы балалар кез келген уақытта психологпен тікелей байланыса алады (шақыру нөмірі 1301).
Қазірдің өзінде 20-дан астам адамға көмек көрсетілді (оқу проблемалары, өмірдегі мақсаттың жоқтығы, құрдастарымен қарым-қатынас және т. б. мәселелер бойынша).
— Қараша айында әйел балаларын тастап, қарызына байланысты өз-өзіне қол жұмсағысы келетіні туралы жүйеге хабарласқан. Телефон арқылы оған дер кезінде психологиялық көмек көрсету нәтижесінде ол райынан қайтты, — делінген хабарламада.
Облыстық прокуратура заңның бұзылғаны туралы хабарлау және кез келген уақытта көмек алу үшін аталған жүйеге хабарласуға болатынын еске салады.
Айта кетелік Көкшетауда бопсалаушылар тобы ұсталған еді.