БҚО-да су кірген 25 үйдің адамдары басқа жаққа көшірілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі Шалғын елді мекенінде тұрғын үйлерге су кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 31 наурыз күні кешкісін болды.


Ауылға су кіріп жатқаны жөнінде хабар келгеннен кейін кеше шамамен сағат 22.00-де Оралдан Қаратөбе ауданына ТЖ техникалары жолға шықты.

«Қазіргі уақытта ТЖ департаменті және облыс басшылығы тікұшақпен жағдайды бағалау мақсатында су тасқыны қауіпті аумақтарға шықты. Шалғын ауылында су кірген 25 үйдің адамдары мәдениет үйіне көшірілді. Тұрғындарды көшіру мәселесі қарастырылуда. Шалғын ауылы қатаң бақылауда», деп хабарлады ведомтводан.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, барлығы 26 үй суға кеткен. Бірнеше үй опырылып, ортасына түсті. Бұл мекендерде тұрудың мүмкіндігі жоқ. Су қайтқанмен, сең әлі тұрған көрінеді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Аудан әкімдігінің мәліметіне қарағанда, аталмыш елді мекенде 45 аула болса, 196 тұрғын бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ауыл мектебіне су кіргенін, тасқын судың өткелді шайып кеткенін жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар