БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Көлік қозғалысы тоқтатылмаған, көліктер жүріп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.

БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр
Фото: Марқакөл ауданы әкімдігі

БҚО Қаратөбе ауданында Қаратөбе ауылынан 2 шақырым жерде жергілікті маңызы бар «Қаратөбе-Қарақамыс» автожолында жергілікті атқарушы органдармен су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде су ағынын ескі арнадан және құятын жол төсемінен өткізу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Қаратөбе ауданының әкімдігі облыс басшылығымен келісім бойынша 2024 жылдың жазында су ағынын ескі арнадан және құятын жол төсемінен өткізу туралы шешім қабылдады. Аталған іс-шара арнадағы суды алдын ала өткізу мақсатында өткізіледі.

Көлік қозғалысы тоқтатылмаған, көліктер жүріп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ. ЖАО күштері кезекшілікті ұйымдастырды. Аталған іс-шара ТЖМ бақылауында.

Еске салсақ Олжас Бектенов қазір су тасқыны кезеңіне сақадай-саймыз деп айтуға әлі ерте деп айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар