БҚО-да су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр

Сергеев су қоймасы тасқын су шегінен өтті
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

АСТАНА. KazInform — Еліміздегі су қоймаларының барлығы дерлік толды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтты.

«Қазсушар» мекемесі Батыс Қазақстан облысы филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. Облыстың төрт ірі су қоймасы 90%-ға толды. Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі — 838 см. Ол бір тәулікте 8 см-ге төмендеді. Ақмола облысында Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. 

Оның дерегінше, Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы және транзиттік режимде жұмыс істеп тұр. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. Сергеев су қоймасының ернкуі арқылы судың асып кету биіктігі 175 см-ге дейін төмендеді. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші- 97%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 83%. Су тасқыны жалғасуда. Абай облысында Шүлбі су қоймасы 40%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98,4%-ға толы. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

«Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақтағы су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының тәулік бойы кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда», - деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар