БҚО-да суға батып бара жатқан 19 жастағы жігіт құтқарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 19 жастағы жігіт суға кетіп қала жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Бәйтерек ауданы «Сая» демалыс орнындағы жасанды су қоймасында болды.

«Жағажай құтқарушылары Абзал Әжіғали мен Бақтияр Қайратұлы шомылып жүргенде, батып бара жатқан жас жігітті құтқарып қалды. Судан шығарғаннан кейін оның жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алдырды. Есін жиғаннан кейін ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазіргі кезде қалалық көпбейінді ауруханада дәрігерлердің бақылауында», - деді ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 15 жастағы жасөспірімнің Жайық өзеніне батып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар