21:51, 11 Мамыр 2017 | GMT +5
БҚО-да суға батып кеткен ауыл тұрғынының мүрдесі табылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 10 мамыр күні сағат 11.30 шамасында Қазталов ауданы Бостандық ауылының тұрғыны Г-ның Сарыөзеннен («Машдвор» қыстағы маңында) мүрдесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш ауыл тұрғынының жоғалып кеткені жөнінде жергілікті полиция бөліміне 9 мамыр күні хабарланған. Содан бері іздестіріліп, кеше табылған.
Қазіргі кезде аталмыш оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын осы ауылдың 1972 және 1973 жылғы қос тұрғыны биылғы 24 наурызда «Нива» автокөлігімен мал іздеп жүріп, абайсызда суға батып кеткен болатын.