БҚО-да Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған шаралар басталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында атақты көсем, шешен әрі қол бастаған батыр Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған онлайн конференция болып, «»Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен» атты кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО-да Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған шаралар басталды

Конференция барысында оралдықтар Алматыдағы Ұлттық кітапханамен, аудандық кітапханалармен, Сырым Датұлы туралы жазылған «Тар кезең» романының авторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазір Астанада тұратын Қажығали Мұхамбетқалиевпен тікелей байланысқа шығып, ұлы дала көсемі туралы айтып, өз ой-пікір, ұсыныстарымен бөлісті.

null  

БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов осылайша бастау алған Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған шаралардың жыл бойы жалғасатынын жеткізсе, өлкетанушы Жайсаң Ақбай, тарих ғылымдарының кандидаты Самат Құрманалин ұлы тұлғаның өмірі мен азаттық жолындағы күресіне, шешендік мұрасының мол екендігіне тоқталды.

null  

Бүгіннен бастап Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған мерейтойлық арнайы логотипке байқау жарияланды. Бір ай бойы өтетін байқауға еліміздегі суретшілердің кез келгені қатыса алады. Сырым ауданындағы Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаеваның айтуынша, логотиптегі бейне үш түстен аспауы керек. Байқау 12 ақпанда қорытындыланып, бір ғана жеңімпаз анықталады.

null null null  

Айта кетейік, биыл сондай-ақ «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы, Алашорда көсемдерінің бірі Жаһанша Досмұмахедовтің 130 жылдығы кеңінен аталып өтілмекші.