БҚО-да тағы бір автокөлік өртеніп кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тағы бір автокөлік өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО-да тағы бір автокөлік өртеніп кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше таңертең Ақсай-Бөрлі автожолы бойында орын алған. Сағат 08.51-де Бөрлі ауданы Қараоба ауылы тұсында автокөліктің отқа оранғаны жөнінде мәлімет түскен. «Фольксваген Пассат» автокөлігінің мотор бөлігінен от шыққан. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 1 техника, 4 адам жұмылдырылып, сағат 09.35-те толықтай сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, БҚО-да өткен жылы 117, биыл жеті автокөліктің өртенгені жөнінде жазған болатынбыз.