БҚО-да тағы бір оқушы өзіне-өзі қол жұмсады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО-ның Ақжайық ауданында тағы бір оқушы өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО-да тағы бір оқушы өзіне-өзі қол жұмсады

Бұл жолы Мерген ауылында 11-сыныпта оқыған ұл бала өзі тұрған үйдің қора-жайында өмірін қиған. Ауылдағы учаскелік полиция инспекторы Берік Қоспаевтың сөзіне қарағанда, жасөспірім өткен жылы патронаттық тәрбиеге алынған екен. Бұрын одан ешқандай оғаш қылық байқалмаған.

Еске сала кетейік, 3 қаңтарға қараған түні осы аудан орталығы Чапаев ауылында 10-сынып оқушысы (ол да ер бала) өз үйінің ауласында асылып қалған болатын.

Статистикалық деректер өңірде жасөспірімдер суицидінің көбейіп келе жатқандығын көрсетеді. Атап айтқанда, 2014 жылы - 8, 2015 жылы - 11, 2016 жылы 13 жасөспірім өз өмірін қиған.