21:20, 26 Сәуір 2020 | GMT +5
БҚО-да тағы бір тұрғын коронавирустан емделіп шықты
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тағы бір тұрғын коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, Тасқала ауданының тұрғыны үйіне жіберілді.
«Екі бақылау сынамасы оның коронавирустан жазылғандығын көрсетті. Жағдайы қанағаттанарлық», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Ахметова.
Осылайша Батыс Қазақстан облысында жазылып шыққандар саны 7-ге жетті. Қалған 109 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделуін жалғастыруда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда төрт өзбекстандық азаматтың жазылып шыққанын, БҚО-да коронавирус жұқтырған 13 тұрғынның барлығы Ресейден келгенін жазған болатынбыз.