БҚО-да тағы бір жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тағы бір жол жабылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" тілшісі.

БҚО-да тағы бір жол жабылды

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, күшті бұрқасынға байланысты бүгін жергілікті сағат 13.15-тен бастап «Тасқала-Ақкурай-Болашақ-РФ» шекарасы бағытындағы жол қозғалысына шектеу қойылды.

Айта кетейік, өңірде қолайсыз ауа райына байланысты кеше бірнеше бағыттағы жолдар жабылған болатын.