БҚО-да тағы да киікті заңсыз аулағандар ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тағы да киікті заңсыз аулағандар ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен түскен мәліметке қарағанда, 17 желтоқсан күні сағат 03.30 шамасында БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасары З.Тұралиев және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орал өңірлік филиалының инспекторлары Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Сарыкөл елді мекені аумағында ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатты. Автокөлікте 1987, 1988 және 1990 жылғы үш тұрғын болған. Тексеру барысында автокөліктен және оқиға орын алған жерден 4 дана киік мүйізі, бір қолара, 16 калибрлі бір ұңғылы мылтық пен мүйіздері кесілген 4 киік текесінің ұшасы табылған. Оқиға орнына Жаңақала аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы шақырылып, қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ 18 желтоқсанда сағат 02.40 шамасында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орал өңірлік филиалының инспекторларымен Қазталов ауданы Қарасу ауылдық округі Жұлдыз ауылы маңында далалық жерде «УАЗ Патриот» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында аталмыш автокөліктен және оқиға болған жерден 12 калибрлі 1 ұңғылы мылтық, 10 дана оқ-дәрі, 10 дана ересек және 1 дана ұрғашы киіктің ұшасы табылды. Оқиға орнына Қазталов аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы шақырылып, қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бөкей орда ауданы Сүйектіжыра аумағында екі тұрғын ұсталған болатын. 

Соңғы жаңалықтар