БҚО-да тасқыннан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек беріліп, мал шығыны өтеліп жатыр

БҚО-да тасқыннан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек беріліп, мал шығына өтеліп жатыр
Фото: Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM – Тасқыннан зардап шеккендерге 100 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр. Дәлірек айтсақ, зардап шеккендерге 369,2 мың теңге беріліп жатыр.  Казіргі таңда, 1 490 отбасы 547,3 млн теңгеге әлеуметтік көмек алды. Бұл туралы облыстық ақпараттық штаб мәлім етті.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасады. Одан бөлек мал шығыны да өтеледі. Жалпы, су тасқыны 2 343 мал басын жойды.

Қазір шығынды өтеу бойынша жұмыстар басталды. Мал шығынын өтеу үшін облыстық бюджет резервінен 187,5 млн теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар