БҚО-да Теңіз кен орнынан келген тағы төрт тұрғыннан коронавирус анықталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО-да Атырау облысындағы Теңіз кен орнынан келген тағы төрт тұрғыннан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО әкімдігі мәлім еткеніндей, олар – 25, 30, 33 және 37 жастағы өңір тұрғындары. Облысқа келісімен аталған тұрғындар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

COVID-19 диагнозы расталғаннан кейін бәрі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болғандар анықталып,

медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Осылайша БҚО-да сырқаттанғандар саны 193-ке жетіп, соның 31-і емделіп шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы тіркелген үш науқастың Теңіз кен орнында жұмыс істейтінін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар