БҚО-да туберкулезге шалдығу деңгейі төмендесе, кейбір жұқпалы дерттер көбейіп кетіп отыр

ОРАЛ. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік кесел саналатын туберкулезге шалдығу деңгейі төмендесе, кейбір жұқпалы дерттер көбейіп кетіп отыр.

БҚО-да туберкулезге шалдығу деңгейі төмендесе, кейбір жұқпалы дерттер көбейіп кетіп отыр

Облыстық санэпидқадағалау департаменті деректеріне қарағанда, туберкулез ауруы өңірде 2009 жылы 30,3 пайызға азайса, өткен жылы тағы 9,3 пайызға қысқарған болатын. Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сәйкес биылғы қаңтарда 30 адам (өткен жылы осы айда - 34) осы дертке шалдыққан, өкінішке қарай, соның екеуі 14 жасқа дейінгі балалар болып отыр. Облыста өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда жоғары тыныс жолдары жіті жұқпасына шалдыққандар (8001) 34,7 пайызға көбейіп кетті. Сондай-ақ АҚТҚ-инфекциясын жұқтырғандар 1 адамнан төрт адамға дейін жетіп, 300 пайызға өсті. Мерез 5,6 пайызға артты. Сонымен қатар қаңтарда 52 өткір ішек ауруы, 38 педикулез тіркелді.