БҚО-да тұрғын іздестірілуде жүрген автокөлікті заңдастырмақ болған

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұрғын іздестірілуде жүрген БМВ автокөлігін заңдастырмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері, полиция майоры Дариға Мәжитованың айтуынша, автокөлікке Грузияда іздеу жарияланған.

Аталған автокөлік сақтау қолхатымен иесіне берілді.

«Қазіргі кезде осы дерек бойынша ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігіне (көрiнеу жалған құжатты пайдалану) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ сараптама жасалуда. Аталған бап бойынша айыпты деп танылған адам 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады», деді Д.Мәжитова.

БҚО полиция департаментінің мәліметі бойынша күні бүгінге дейін өңірде 2130 шетелдік көлік заңдастырылса, соның 1815-і Ресейден әкелінген. Сондай-ақ 228-і Армениядан, 82-сі – «сары» нөмірмен жүргендер, үшеуі Араб Әмірліктерінен, бір-бірден Грузия мен Беларусьтан жеткізілген. Оған қоса басқа өңірлерден БҚО тұрғындары айдап әкелген 40 автокөлік тіркелді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда шетелдік көліктерді тіркеуге байланысты ХҚКО-ның қызмет көрсету уақыты өзгергенін болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар