БҚО-да тұрғын үй құрылысы 1,5 есеге өсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, биылғы он бір айда 346,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өсім 1,5 есеге жетіп отыр.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл 6 көп қабатты тұрғын үй (849 пәтер), ауылдарда 23 тұрғын үй (43 пәтер) іске қосылды. Жыл аяғына дейін тағы 3 көп қабатты (406 пәтер), ауылдық елді мекендерде 120 тұрғын үй (126 пәтер) берілмекші.

Тұрғын үй құрылысына бюджеттен 12,0 млрд теңге бөлінді.

2018 жылға тұрғын үй құрылысына 2,2 млрд теңге қарастырылды. Алдағы жылы 12 көп қабатты және 40 екі пәтерлік, 5 бір пәтерлік тұрғын үйді (1 536 пәтер) іске қосу көзделуде.

Тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту үшін 1,9 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 44 км желі тартылды. 2018 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге 1,3 млрд теңге, сондай-ақ жылу желілерін қайта құруға 1,3 млрд теңге қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар