БҚО-да тұрғынды қорқытып, 11 млн теңгесін тартып алған 2 күдікті ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында екі жыл бойы бопсалаумен айналысқан екі тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да тұрғынды қорқытып, 11 млн теңгесін тартып алған 2 күдікті ұсталды

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олар Орал қаласының 33 жастағы тұрғынын қорқытып, 11 млн теңгесін тартып алған.

«Сонымен қатар одан бұрын күдіктілердің жәбірленушіге тиесілі саяжай мен жеке дүние-мүліктерін өз аттарына жаздырып алған. Осы қылмысқа күдікті ретінде бұрын істі болған 1966 және 1980 жылғы тұрғындар қолға түсті. Қазіргі кезде ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігіне (бопсалау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік қағып кеткен әйелдің көптеген жарақатпен ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.


Фото: БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі