БҚО-да үш күнде 1303 жол ережесін бұзу оқиғасы тіркелді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы кезінде БҚО ІІД жергілікті полиция қызметкерлері үш күн ішінде 1303 жол ережесін бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін 212, жылдамдықты шамадан тыс арттырғаны үшін 173, жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзғаны үшін 134, қозғалу ережесін бұзғаны үшін 131, көлік айдап келе жатып ұялы телефонмен сөйлескені үшін 127 адам жауапқа тартылды. Сондай-ақ 47 жүргізушінің көлікті мас күйінде айдағаны белгілі болды. Ал 35 адам көлік құралын басқаруға құқығы болмаса да, рульге отырған. Оған қоса 8-і көлік құралын басқару құқығынан айырылған болып шықты.

Жаяу жүргіншілер арасында жол ережесін бұзушылықты анықтауға полицияға студенттік жасақтар мен қоғам өкілдері тартылды.

Айта кетейік, биыл жыл басынан бері облыс аумағында 34 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 4 адам қаза тауып, 41-і түрлі жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар