БҚО-да үш жылда 620 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару есебінен жайылым көлемі артты. Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев мәлім етті.

жер телімі
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Мемлекет басшысы жерді тиімді пайдалану мәселесіне айрықша назар аударып, пайдаланылмай жатқан жер мемлекетке қайтару тапсырмасын жүктеді. Бүгінде ауыл тұрғындарын мазалайтын сұрақтардың бірі ол жайылым тапшылығы. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан, осы бағытта жүйелі жұмыстар күнделікті түрде жүргізілуде. Соңғы 3 жылда мақсатына сай пайдаланылмай отырған 620 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды», - деді Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Әкімнің сөзінше, 458 мың гектарға жуық жер учаскелері резервке қойылды, 140 мың гектар жер учаскелері елді мекен жерлер санатына ауыстырылды, соның нәтижесінде жайылымның жалпы көлемі 607 мың гектарға артты. 

«2022 жылдың 1 қаңтарда өңірдегі жайылым жерлер тапшылығы 339 мың гектарды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 13 есе азайып, 25,0 мың гектарға дейін төмендеді», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар