БҚО-да үй алу кезегінде 32 мың адам тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Батыс Қазақстан облысында үй алу кезегінде 32 мың адам тұр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Жолдауында тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керектігін қадап айтқан болатын. Бұл өңірдегі ең өзекті мәселелердің бірі саналады. Қазіргі таңда облыс бойынша үй алу кезегіне 32 мың азамат тіркеуде тұр. 2023 жылы «Қуатты өңірлер - елді дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында тұрғын үй құрылысына және пәтерлер сатып алуға 11,3 млрд теңге бөлініп, облыста 15 көппәтерлі тұрғын үй және ауылдық елді мекендерде 42 тұрғын үй, барлығы 2 377 пәтер құрылысы қарастырылған. Жыл қорытындысында 30 тұрғын үйді, яғни 893 пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», - деді БҚО әкімі.

Оның айтуынша, 7 көппәтерлі тұрғын үйі Орал және Ақсай қалаларында, ал ауылдық елді мекендерде 23 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

«Оған қоса, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға 1,7 млрд теңге қарастырылып, Орал қаласы бойынша 178 пәтер сатып алу көзделген. Нәтижесінде, үй кезегінде тұрған азаматтарға 1 071 пәтер пайдалануға береміз», - деді өңір басшысы.


Соңғы жаңалықтар
telegram